FIVB жағажай волейболынан төрт ірі жарысты кейінге шегерді

<span>Халықаралық волейбол федерациясы жағажай волейболынан төрт ірі турнирдің өту уақытын өзгертті. </span>
<span>Биыл Тайландта өтуі тиіс 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды. Турнир 24-28 наурызға жоспарланған. </span>
<span>Сондай-ақ, Әлемдік турнир аясындағы төрт бәсеке кейінге қалды. Олардың қатарында Қытайда өтуі тиіс төрт жұлдызды турнир де бар. </span>
<span>FIVB 16 наурыздан бері халықаралық жарыстарды кейінге шегерді. Спорттық ұйым коронавирус індетіне байланысты турнирлерді өткізуден бас тартып отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или