Футзал

«Қайрат» Сейілда Байшақовты мерейтойымен құттықтады

«Қайрат» Сейілда Байшақовты мерейтойымен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ футболының ардагері Сейілда Байшақов 70 жасқа толды, деп жазады Prosports.kz.

Осыған орай «Қайрат» футзал клубы Сейілда Байшақовты мерейтойымен құттықтады.

- Сейілда Икрамұлы Қазақстан футзалының дамуына баға жетпес үлес қосты. Ол біздің еліміздегі осы жас спорттың бастауында тұрған адамдардың бірі болды. Төрт жыл бойы (1998-2001 жж.) Байшақов Қазақстан Республикасының футзал қауымдастығын басқарды. Оның басшылығымен ұлттық құрамамыз өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті (Гватемала-2000).

«Қайрат» АФК Сейілда Икрамұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Ел футболының дамуына теңдессіз үлес қосып, жанкүйерлерді жалғасты қуанту үшін сізге қажымас қайрат пен зор денсаулық тілейміз!, - делінген ресми құттықтау хатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер