«Astana Pro Team» велокомандасының «Пуату-Шаранта турына» қатысатын құрамы жарияланды

«Astana Pro Team» велокомандасының «Пуату-Шаранта турына» қатысатын құрамы жарияланды

«Astana Pro Team» велокомандасы «Пуату-Шаранта туры» көпкүндігіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz  ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Аталған велобәйге 27-30 тамыз күндері Францияда өтеді.  «Astana Pro Team» командасынан қатысатын спортшылар тізімі:  Йонас Грегаард Вилсли, Жандос Бижігітов, Эрнандо Бооркес, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Евгений Гидич, Давиде Мартинелли.

Жарыстың спорт директорлары: Бруно Ченьялта мен Сергей Яковлев.

«Пуату-Шаранта Туры» — Францияның Пуату — Шарант аймағында 1987 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан веложарыс. 5 кезеңнен тұрады. Жарыс 4 күнге созылады. 2005 жылдан бері UCI Europe Tour жарыс күнтізбесіне енген.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или