Асан Базаев: Қазан айында бірнеше жарыс өтеді деп жоспарлап отырмыз

Асан Базаев: Қазан айында бірнеше жарыс өтеді деп жоспарлап отырмыз

Велоспорттан 16-23 тамыз аралығына жоспарланған Қазақстан біріншілігі карантин талаптарына байланысты өткізілген жоқ. Сондай-ақ, велоспорттан биылғы әлем біріншілігінің де биыл өтуі екіталай. Дегенмен, кәсіби спортшылар үшін маусым басталды. Осы орайда, Қазақстан командасының бас бапкері Асан Базаев Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. 

«Петропавлда өтуі тиіс ел біріншілігі кейінгі қалды. Әзірге, Қазақстанда қалған спортшылардың жарыстарға қалай қатысатыны белгісіз. Жоспар бойынша, қазан айында ел чемпионаты мен бірнеше көпкүндік жарыстар бар. Бірақ барлығы да еліміздегі бас санитар дәрігердің қаулысына байланысты болмақ.

Биылғы әлем чемпионатының да тағдыры белгісіз болып тұр. Әлемдік сынға байланысты Халықаралық федерация қандай шешім қабылдаса да, біздің спортшылардың протур додаларына қатысып жатқандығын ұмытпау керек. Оларды чемпионатқа дайын деп айтсақ та болады.

Ал бірер күннен соң әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігіне қатысатын Алексей Луценко нағыз бабында. Оның жекелеген кезеңдерде өзін көрсететініне сенімдімін», - дейді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или