Еуропа чемпионаты. Іріктеудің жеребесі қыркүйекте тартылады
Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластары 2 қыркүйек күні белгілі болады, деп жазады Prosports.kz сайты.
Іріктеу кезеңнің жеребесі 2 қыркүйек күні Швейцариядағы Ньон қаласында өтеді. 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен үшін Қазақстан құрамасы EURO-2022 іріктеуін бірден үшінші айналымнан бастайды.
Қазақстан іріктеу кезеңіндегі ойындарын 6 желтоқсаннан бастап өткізеді. 32 құрама төрт-төрттен 8 топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы мен екінші орын алған алты үздік командалар Еуропа біріншілігіне жолдама алады.
2022 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерланд елінде 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или