Футзал

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы өзіне жаңа клуб тапты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы өзіне жаңа клуб тапты
news-banner7
mobile-news-top

Бразилиялық вингер Даниэль Мендонка Да Роса мансабын «Продэксим» футзал клубында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы ойыншы өткен маусымда португалиялық «Брага» клубында өнер көрсетті (21 матч, 3 гол).

Даниел 1993 жылы 13 желтоқсанда Жарагуа-ду-Сул қаласында дүниеге келді. Мансабын 2012 жылы туған қаласындағы клубта бастады, содан кейін «Жоинвили» клубында үш маусым өнер көрсетті. Ал 2016 жылы «Магнуске» ауысып, құрлықаралық кубокты жеңіп алды.

Даниэль келесі маусымды «Жарагуа» бастап, содан кейін Қазақстанға ауысты. Ол кезде оның інісі Лео Жарагуа «Қайрат» пен Қазақстан құрамасында өнер көрсететін.

Даниэль «Қайрат» сапында екі маусым өнер көрсетті. Содан кейін ол өз отанына оралды. Былтыр португалиялық «Брагамен» келісімшартқа отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер