Хоккей

«Номад» жаңа маусымға дайындықты бастады

«Номад» жаңа маусымға дайындықты бастады
news-banner7
mobile-news-top

«Номад» хоккей клубы жаңа маусым алдындағы алғашқы жаттығу жиынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда мүшелері толық медициналық тексерістен өтіп, маусымға дейінгі дайындықты бастады.

«Номад» ел чемпионаты басталар алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп жатыр.

Команда алғашқы жолдастық матчтары Қарағандыда өткізеді. Жоспар бойынша, 20 және 21 тамызда «Сарыарқамен» жолдастық кездесу өтеді.

Айта кетейік, ҚХФ чемпионаттың 19 қыркүйекте басталатынын жариялаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер