«Критериум Дофине»: Лопес жарыс қорытындысы бойынша бесінші орын алды
Бүгін Францияда «Критериум Дофине» веложарысының 5-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық Зепп Касс (<span>Team Jumbo-Visma</span>) 5-ші кезеңнің жеңімпазы болды. Екінші орында Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling). Үздік үштікті Тадей Погакар (<span>UAE-Team Emirates</span>) жапты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Мигель Анхель Лопес «Астанадан» үздік нәтиже көрсетті. Ол мәре сызығын 12-ші болып кесті. Жалпы есепте ол бесінші орынға тұрақтады.
Бесінші кезең
1. Сепп Кусс (Team Jumbo-Visma) - 3:58:39
2. Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling) - +0:27
3. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates) - +0:30
...12. Мигель Анхель Лопес («Астана Про Тим») - +1:53
Жалпы есеп:
1. Даниэль Мартинес (EF Pro Cycling) - 21:44:58
2. Тибо Пино (Groupama-FDJ) - +0:29
3. Гийом Мартен (Cofidis) - +0:41
...5. Мигель Анхель Лопес («Астана Про Тим») - +1:38