Шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты Швейцарияда өтпейтін болды
Шосседегі велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионаты Швейцарияда өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Бұл туралы әлем біріншілігінің ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биылғы әлем чемпионат Швейцарияның Эйгл-Мартини аумағында 20-27 қыркүйек күндері өтуге тиіс еді. Швейцария үкіметі коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін 1000 адамға дейн қатысатын жарыстарды елде өткізуге тыйым салған. Осыған орай, жылдың маңызды додасы Швейцарияда өткізілмейтін болды. </span>
<span>Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, әлем біріншілігіне 90 елден 1200 велошабандоз қатысады деп жоспарланған. Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2020 жылғы әлем біріншілігін қабылдайтын елді жақын арада хабарлайтынын айтты. Сондай-ақ, жарысты өткізу құқығы Еуропа елдерінің біріне беріледі. </span><br /><br />