«Астана» шабандозы «Польша турында» екінші орыннан көрінді
Краковта «Польша туры» велокөпкүндігі аяқталып, қазақстандық «Астана Про Тим» командасының мүшесі Якоб Фульсанг жалпы есепте екінші орынға табан тіреді.
Турнирде бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіске жетсе, Якоб Фульсанг екінші, британдық Саймон Йейтс үшінші орын иеленді.
«Жалпы алғанда, бұл жарыстағы нәтижем көңілден шығады. Менің жеңіске таласатын бір ғана мүмкіндігім болған. Бірақ Ремко мықтылығын көрсетті. «Польша турына» алғаш рет қатысып, жүлделі орыннан көрінгенім қуантады. Енді «Ломбардия турына» қатысу үшін Италияны бетке аламын», - дейді Фульсанг.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или