ММА

Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша белбеу иегері Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік спортшы соңғы рет сегіздікке 2019 жылдың қыркүйегінде Дастин Порьеге қарсы шықты.

«Әкесінің қайтыс болуы ол үшін өте қиын», - дейді Уайт. - Әкесі ол үшін батыр еді. Хабиб оны жақсы көрді, олар өте жақын қарым-қатынаста болды, бұл оған өте қиын. Жекпе-жек өтеді, мен дәл қазір нақты айта аламын».

31 жастағы ресейлік ММА-да өткізген барлық 28 жекпе-жекте жеңіске жеткен. 31 жастағы американдықта 22 жеңіс пен екі жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер