Giro d'Italia веложарысы Сицилияда қазан айында  басталады

Giro d'Italia веложарысы Сицилияда қазан айында  басталады

Коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалған, Giro d'Italia веложарысы Сицилияда қазан айында  басталады, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде, 3 қазанда Палермоға дейін 16 шақырымдық жеке жарыс өтеді. Екінші кезең 150 шақырымға созылып, Агриджентода аяқталады, үшінші кезең 150 шақырымнан кейін Этнада аяқталады және бұл Giro d'Italia жарысының алғашқы тау жарысы екенін айта кету керек. Сицилияның төртінші кезеңі Катаниядан Виллафранка Тирренаға дейін созылады (138 шақырым) және ол спринттік саналады.

Giro d'Italia велобәйгесін күзге қалдырғанға дейін, жарысты Будапеште өткізу жоспарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или