Александр Дымовких: Спортшылар жарысқа қатысуға асық

Александр Дымовких: Спортшылар жарысқа қатысуға асық

Қазақстан үкіметі тұрғындарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес беріп, дабыл қағуда. Осыған орай, қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды.

Қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері үйлерінде жаттығуын жалғастыруда.  Маунтинбайктан ұлттық құраманың ба сбапклері Olympic.kz сайтына құраманың қазіргі жағдайын айтып берді.

<span>"Қазір құрамадағылардың бәрі аман-есен. Бүгінде ешкім ауырып жатқан жоқ, ешкімнің дене қызуы көтеріліп, денсаулығына қатысты мәселе туындаған жоқ.</span>

<span>Қатаң карантин жарияланған кезде спортшылар үйлерінде болды. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкенттік спортшылардың тысқа шығуларына мүмкіндік болған жоқ. Себебі, аталған қалалар қатаң оқшауланды. Ал қалған өңірде спортшылар сыртқа шығып, аулада жаттығу жасауға мүмкіндіктері болды.</span>

<span>Біз спортшыларды күнделікті бақылауға алғанбыз. Олар дәрігерге дене қызыуы мен денсаулығының жағдайынан хабар беріп отырса, жаттықтырушыларға жаттығудың видеосын жібереді.</span>

<span>Қазір біраз елдерде веложарыстар басталды. Мысалы, Германияда. Өкінішке қарай, біз ол жарысқа қатыса алмайтын шығармыз. Бәріміздің жарысқа қатысқымыз келеді. Егер жағдай реттелсе, күзде ақырындап шетелдік додаларға қосылу жоспарда бар. Жоспар бойынша, ақпан айында Мьянмада Азия чемпионаты өтеді», - дейді Дымовских.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или