Константин Дымовских: Жарысқа қатысуға асықпыз

Константин Дымовских: Жарысқа қатысуға асықпыз

Қазақстан үкіметі тұрғындарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес беріп, дабыл қағуда. Осыған орай, қазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері үйлерінде жаттығуын жалғастыруда. Маунтинбайктан ұлттық құраманың бас бапкері Olympic.kz сайтына құраманың қазіргі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір құрамадағылардың бәрі аман-есен. Бүгінде ешкім ауырып жатқан жоқ, ешкімнің дене қызуы көтеріліп, денсаулығына қатысты мәселе туындаған жоқ. Қатаң карантин жарияланған кезде спортшылар үйлерінде болды. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкенттік спортшылардың тысқа шығуларына мүмкіндік болған жоқ. Себебі, аталған қалалар қатаң оқшауланды. Ал қалған өңірде спортшылар сыртқа шығып, аулада жаттығу жасауға мүмкіндіктері болды. Қазіргі жағдай жақсы. Спортшылар таза ауада, алаңда, аулада жаттығуға мүмкіндік алды. Елімізде төтенше жадай алынғаннан кейін біз біраз уақыт оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгердік. Алматыдағы «Табаған» спорт нысанында жаттықтық. Карантин қайта енгізілгеннен кейін жаттығу жиыны тоқтатылып, спортшыларды үйіне қайтардық. Қазір барлығы үйлерінде жаттығып жатыр. Көшеге шығуға, аулада жаттығуын жалғастыруға мүмкіндік және рұқсат бар. Барлығы келесі жаттығу жиыны мен жарыстың қашан болатынын сұрап жатыр. Қазіргі жағдайды ескерсек, барлығы физикалық және психологиялық тұрғыдан қажыды, шаршады. Біз спортшыларды күнделікті бақылауға алғанбыз. Олар дәрігерге дене қызыуы мен денсаулығының жағдайынан хабар беріп отырса, жаттықтырушыларға жаттығудың видеосын жібереді. Қазір біраз елдерде веложарыстар басталды. Мысалы, Германияда. Өкінішке қарай, біз ол жарысқа қатыса алмайтын шығармыз. Бәріміздің жарысқа қатысқымыз келеді. Егер жағдай реттелсе, күзде ақырындап шетелдік додаларға қосылу жоспарда бар. Жоспар бойынша, ақпан айында Мьянмада Азия чемпионаты өтеді», - дейді Дымовских.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или