Роман Гнутов: «Төрттік финалда «Қайратқа» жанкүйер болам»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Никарс» футзал клубының шабуылшысы Роман Гнутов УЕФА кубогының төрттік финалында алматылық «Қайратқа» қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ»</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Турнир жоғары деңгейде өтті. Элиталық кезеңде әлсіз командалар болмайды. Барлық ойындар тартысты өрбіді. «Қайратпен» соңғы турда ойнасақ, ірі есеппен ұтылмайтын едік деп ойлаймын. Қалған екі ойында жеңіске жақын болдық. Бірақ, бізге сәттілік жетіспеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Төрттік финалда әр команда фаворит. Әйтсе де, маған «Қайраттың» ойыны қатты ұнады. Демек, финалдық кезеңде алматылық командаға жанкүйер болам», - деді Роман. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или