Африка ұлттарының кубогы 2021 жылдан 2022 жылға ауыстырылды

Африка ұлттарының кубогы 2021 жылдан 2022 жылға ауыстырылды

Африка футбол конфедерациясы ұлттық құрамалар үшін басты құрлықтық турнирдің өтетін уақытын өзгертті.

Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус пандемиясына байланысты CAS 2021 жылы өткізілмейді. Турнир 2022 жылы қаңтарда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда турнир Камерундағы жазғы жаңбырлы маусымға байланысты 2021 жылдың шілдесінен кейінге қалдырылған болатын. Турнирді 2022 жылға ауыстыру туралы шешім 2023 жылы Кот-д'Ивуарда өтеді деп жоспарланып отырған доданың да уақытына әсер етуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или