ҚПЛ-дың үшінші турының кестесі

ҚПЛ-дың үшінші турының кестесі

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (PFLK) Премьер-лиганың үшінші турындағы барлық матчтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық матч 1 шілдеде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де: «Тобыл» - «Каспий», «Қайрат» - «Жетісу» және «Қызыл Жар» - «Оқжетпес» кездесулері басталады. Сағат 20:00-де «Ордабасы» - «Шахтер» және «Қайсар» - «Тараз» матчтары өтеді.

Үшінші турға «Астана» қатыспайды. «Ертіс» командасы маусымды жалғастырудан бас тартқаннан кейін чемпионатта командалар саны тақ болып қалды. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или