Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені испаниялық клубқа ауысты

Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені испаниялық клубқа ауысты

Футзалдан Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені, рудныйлық «Аяттың» шабуылшысы Матеус Преа испаниялық «Винья Альбали Вальдепеньяс» клубына ауысты. Бұл команда испан Примерасы плэй-офф кезеңінің финалына шыққан, - деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Lanza Digital басылымына сілтеме жасап.

Futsalkazakhstan Инстаграм-парақшасының мәліметінше, ойыншы тамызда Испанияға аттанып, жаңа клубы сапында матчтарға дайындалады. Қазақстан чемпионаты 1 тамызда жалғасатындықтан, Матеус «Аят» сапында енді ойнамайды. 

2019/21 жылғы маусымда Преа Қазақстан кубогының үздік сұрмергені атанған еді. Сондай-ақ, ел чемпионатының 17 ойынында 24 гол соққан, ал Чемпиондар лигасында алты матчқа қатысып, бес голдың авторы атанған. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или