Какау: «Біз әдемі ойнауға тырысамыз»

УЕФА Кубогы элиталық кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Экономац» матчынан кейін баспасөз мәслихаты болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші боп алматылық «Қайраттың» бас бапкері Какау сөз алды:

«Мен ойнап жүргенде жанкүйерлер аз болатын. Ал қазір көп жиналады, сондықтан жанкүйерлерге үлкен алғыс айтамын. Олардың сенімін ақтағанымызға қуанам. Ойын қиын болды, бірақ бз бұған дайындалғанбыз. «Экономац» ойыншыларына қарсы ойнау өте қиын, себебі олар – кеңестік мектептің түлектері, тым қатты ойнайды.

12 гол жібергенімізге келер болсақ. Біз шабуылдаушы футбол әдісін қолданғанды жөн көреміз, сондықтан қорғаныстан көрі шабуылға көп көңіл бөлеміз. Біз әдемі ойнауға тырысамыз. Мен шабуылдаушы ойыншы болған соң, өзімнің командам да осындай мәнерде ойнағанын қалаймын».

Сондай-ақ бразилиялық маман «Спортинг» туралы пікірін де айтып кетті:

«Спортинг» келген кезде, жаттығуға бір жарым сағат уақыт сұрады. Ал қалғандары бір ғана саған дайындалған. Біздің президентіміз бас тарта алмады. Олар ойын тәртібін бұзып, сол үшін кешірім сұраған да жоқ. Ал Же солардың қақпанына түсті».

«Екі жыл бұрынғымен салыстырғанда «Қайрат» биыл мықты. Қазір барлық футболшылар өз ойынын тауып алды. Кез келген уақытта іске араласа алады. «Қайрат» фаворит ретінде ойнауы тиіс. Біздің басты қарсыласымыз - өзіміз», - деді Какау.

Ал «Экономацтың» бапкері Владан Цветанович «Қайрат» туралы ойын білдірді:

«Турнир «Қайрат» секілді ұлы командаға қарсы аяқталды. Өз ойыншыларыма тиісер жөнім жоқ. Бүгін олар ерекше дайындықпен ойнады. Бізде екі-ақ легионер бар. Менің ойыншыларым өте жас. Өз тарапымнан «Қайратты» құттықтағым келеді. Осы турнирден кейін команда тәжірибе жинады деп үміттенемін. «Қайраттың» негізгі құрамына қарсы ойнауға мүмкіндік берген Какау мырзаға рахмет. Менің ойымша, ең үлкен тәжірибені дәл осы ойыннан алдық».

Сонымен қатар, Цветанович төрттік финалда да алматылық ұжымды қолдайтынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или