«Қайрат» «Экономацтан» басым түсті

УЕФА Кубогы элиталық кезеңінің соңғы күнінде алматылық «Қайрат» сербиялық «Экономацтан» айласын асырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» «Экономацпен» бұған дейін екі рет кездескен және қос ойында да жеңіске жетіпті. Жалпы есеп – 7:0. Сербиялық ұжымды қалай ұту керектігін білетін алматылықтар бірден іске кірісті. Алғашқы қауіпті соққыны Диваней бағыттады, алайда оның тепкен добын Неманья Момшилович алып шықты. Сербиялықтар да қарап қалған жоқ. Қарсыласына олардың жарты алаңында қысым жасап, реті келгенде бірнеше қауіпті соққылар да жасап үлгерді. Алайда қазақстандықтар шеберлігін қарымта шабуылда көрсетті. 4-ші минутта Лео оң қапталдан зулап барып, алыс бұрышты дәл көздеді. Көп ұзамай Игитаның өзі шабуылға араласты және бұл бірден нәтижесін алып келді де. Қақпашымыз допты алаң ортасынан Момшилович иелігің тоғыздығында тулатты. 5-ші минутта «Экономац» стандартты шабуылды голға айналдыра білді. Даниэлдің тура бағыттаған жойқын соққысына Игита төтеп бере алмады. Алматылық команда допқа иелік етіп, комбинациялық шабуылдарға иек артса, Владан Цветанович шәкірттері қарымта шабуылдан бақ іздеді. «Қайрат» үшінші голын «стандарттық» шабуылдан соқты. Леоның пасынан кейін Алешандре сол қапталдан жақын бұрышты нысанаға алған, мүлт кетпеді – 3:1. 15-ші минутта Михаил Першин пенальтиден қанжығасын майлады. Үзіліске дейін қос клубтың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болған, алайда қақпашылар қырағылық танытты – 4:1.

Екінші таймда да «Қайрат» бірден шабуылға көшті. Нәтижесінде 22-ші минутта Диваней есепті 5:1-ге жеткізді. Бір минуттан соң сербиялықтар тоблодағы көрсеткішті бір голға қысқарта алды. «Қайрат» ойыншыларының қателігінен кейін Даниэл көзге түсті – 5:2. «Экономац» алматылықтарды тағы бір қатесі үшін жазалады. Иелігін тастап кеткен Мараес алаң ортасында өрескел қате жіберген, Никола Матиевич допты бос қақпаға тебе салды. 26-минутта Жоан қақпашымен бірге-бір шықты, алайда алматылық ойыншыға дәлдік жетіспеді. Таймның орта белінде Какау алаңға екінші құрамның ойыншыларын жіберді. «Қайрат» жылдам пастармен қысымнан оңай шығып, қауіпті соққылар жасап жатты. Тек соңғы мезетте командаға сәттілік жетіспеді. 33-ші минутта Алексич екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Алматылық команда екі минут бойы бір ойыншыға көп болса да, қолында бар басымдықты пайдалана алмады. Кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда «Қайрат» екінші таймдағы алғашқы голын соқты. Бұрыштан берілген допты Лео Момшилович қақпасына дәл бағыттады – 6:3.

УЕФА Кубогы. Элиталық кезең. Үшінші ойын күні. Екінші матч.

«Экономац» (Сербия) – «Қайрат» - 3:6 (1:4)

Голдар: Даниэл 4, 22, Матиевич 24 – Кайо 3, Игита 4, Алешандре 11, Першин 15 (дабл-пенальти), Диваней 21, Лео 37

«Қайрат»: Маркао, Игита, Жаманкулов, Жоан, Сулейменов, Лео, Першин, Алешандре, Довгань, Дуглас, Диваней, Кайо

«Экономац»: Йованович, Момчилович, Божич, Матиевич, Даниэл, Пршич, Рамич, Бойович, Стойкович, Степич, Алексич, Остич, Нене

Төрешілер: Томас Фрак (Польша), Марк Беркетт (Ұлыбритания)

Естертулер: Даниэл 12, Алексич 15

Алаңнан қуылды: Алексич 32

23 қараша 2014ж. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. Алматы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или