«Спортинг» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

УЕФА Кубогы элиталы кезеңінің үшінші ойын күнінде париждік «Спортинг» латвиялық «Никарспен» кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл кездесу ешқандай маңызға ие емес еді, себебі төрттік финалына «Қайрат» жолдама алып қойған.

Алғашқы төрттікте «Спортинг» сапында Тешейра, Дави, Шоле және Рониньо алаңға шықты. Оларға «Никарстың» намысын қорғайтын Алексеев, Сень, Шустров және Аванесов қарсы тұрды. Париждік футзалшылар ойын басымдығын бірден қолдарына алды. 13-ші минутта француздар «Никарс» қақпасынан саңлау тапты. Қорғаушылардың назарынан тыс қалғане Дави есеп ашты. Қарымта шабуылдардың бірінде «Никарс» есепті теңестіріп тастады. Шустровтан пас алған Икстенс қақпашыны алдап өтіп, есепті 1:1 қылды. Бірінші таймның аяқталуына жақын қалғанда Кафе париждіктерге басымдықты қайта алып келді – 2:1.

Үзілістен кейін де ойын барысы өзгерген жоқ. Алайда алдымен Диаквинашвили гол соғып, «Никарске» үміт сыйлаған, көп ұзамай Кафе қатарынан екі гол соғып, латвиялықтардың жағдайын қиындатып тастады. 35-ші минутта Сень номиналды қонақтардың үшінші голын соқты, ал төрт минуттан соң «Никарс» есепті теңестіріп тасады – Икстенс дубль авторы атанды. Дегенмен соңғы секундтар өтіп жатқанда Тешейра «Спортингке» жеңіс сыйлады.

УЕФА Кубогы. Элиталы кезең. Үшінші ойын күні. Бірінші матч.

«Спортинг» (Франция) - «Никарс» (Латвия) - 5:4 (2:1)

Голдар: Дави 13, Кафе 17, 29, 30, Тешейра 40 – Икстенс 15, Диаквинашвили 27, Сень 35, Икстенс 39

«Спортинг»: Арун, Дави, Шоле, Тешейра, Рониньо, Миралья, Пишар, Ромарио, Пупа, Гасми, Амду, Кафе, Мендес

«Никарс»: Бондарс, Пастарс, Алексеев, Сень, Шустров, Гнутов, Диаквинашвили, Аванесов, Архипов-Прокофьев, Матюшенко, Забаровский, Икстенс, Астраханцев

Төрешілер: Рамиль Намазов (Әзірбайжан), Камиль Четин (Түркия)

23 қараша 2014ж. Балуан Шолақ атындағы спаорт сарайы. Алматы қаласы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или