«Қайрат» – төрттік финалда

Алматыда өтіп жатқан УЕФА Кубогының Элиталы кезеңіндегі С тобында алматылдық «Қайрат» пен франциялық «Спортинг» күш сынасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Париждік команданы былтыр УЕФА Кубогы аясында қарағандылық «Тұлпар» 6:1 есебімен тас-талқан қылған болатын. Енді «Қайраттан» да тек жеңіс күткеніміз анық. Алматылықтар ойынды сенімді бастады. 3-ші минутта Алешандре қарсылас қақпасын екі рет нысаналаған болатын, өкінішке қарай доп екі рет бағанадан қайтты. Бір минуттан соң Диваней сол қапталдан соққы жасады – қиыс. Дегенмен «Қайрат» үшінші шабуылын голға айналдыра алды. Дуглас сол қанаттан қорғаушыны алдап өтіп қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді – 1:0. 6-шы минутта Диваней допты «тоғыздықта» тулатып, көркемдік жөнінен теңдессіз гол соқты. Сол мезетте париждік қонақтар стандартты шабуылды голмен аяқтады. Көзге түскен – Джонатан Чаулет. 8-ші минутта Игор жойқын соққы бағыттаған, «Спортингті» қақпашысы құтқарып қалды. Француздар таразы басын теңестіруге жақын болған, алайда Игита допты кеудесін қабылдап, шеберлігін көрсетті. 12-ші минутта Игита алыстан тамаша соққы жасады, Габриель Миралья допты кері қайтарды, ал Жоан тепкен доп қақпа бағанасына тиді. 17-ші минутта Дави таразы басын теңестіріп тастады – 2:2. Дегенмен бұл есепті француздар ұзақ уақыт ұстап тұра алмады. Диваней ұтымды мүмкіндікті сәтті пайдаланып, алматылық команданы тағы да алға шығарды. Осылайша үзіліске «Қайрат» жақсы көңіл-күймен аттанды.

Екінші тайм француздар үшін сәтті басталды. «Спортинг» алғашқы соққысымен-ақ таразы басын теңестіріп тастады. Кафе шабуылда нәтижелі ойнады. Қонақтар тең есепті тағы да ұзақ уақыт ұстап тұра алмады. Дави өз қақпасына гол соғып, «Қайратты» алға шығарды. Париждіктер де оңай беріле қоймады – 22-ші минутта Аугуста есепті 4:4-ке жеткізді. 26-шы минутта Лео алаң ортасынан допты «тоғыздыққа» тигізіп, «Қайратты» тағы да алға шығарды. «Спортинг» те бірден есепті теңестіріп тастайтын мүмкіндік болды. Игитаның қақпадан алыс шығып кеткенін пайдаланып, жылдам комбинация ұйымдастырған. Соңғы мезетте Лео командасын құтқарып қалды. Сол беттен қарымта шабуылға көшкен алматылықтар Алешандренің көмегімен есепті 6:4-ке жеткізді. 33-минутта «Спортингтің» жағдайы тым қиындап кетті. Же командалық комбинацияны голға айналдыра алды. Араға екі минут салып Алешандре мен «кәрі қасқыр» Жоан бір-бір голдан салып шықты – 9:4. 35-минутта Дави есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен кездесудің қалған минуттары «Қайрат» ойыншылары үшін жаттығу жұмыстары секілді өтті. Игитаны ауыстырып, алаңға бесінші ойыншы ретінде шыққан Алешандре командасының оныншы голын соқты. Санаулы секундтардан соң Аугусто есепті 10:6 қылды. Қарсыласынан ірі есеппен жеңіліп жатқан француздардың жүйкесі сыр бере бастады. Қос команда арасында жанжал орын алып, тіпті, бір-біріне қол жұмсап үлгерді. Нәтижесінде төбелестің «басты қаһармандары» Аугусто мен Же алаңнан қуылды. Қалған бір минутта командалар бір голдан соғып үлгерді. «Спортинг» сапынан Кафе, «Қайраттан» Довгань көзге түсті.

Осылайша «Қайрат» екі турдан соң алты ұпай жинап, жеке-дара көш бастады.

УЕФА Кубогы. Элиталық кезең. Екінші ойын күні.

«Қайрат» - «Спортинг» (Франция) – 11:7 (3:2)

Голдар: Дуглас 3, Диваней 5, 18, Же 21, 34, Лео 26, Алешандре 27, 35, Жоан 34, 35, Довгань 40 – Шоле 6, Дави 16, 35, Кафе 20, 39 Аугусто 21, 36

«Қайрат»: Маркао, Игита, Жаманқұлов, Жоан, Игор, Сүлейменов, Же, Лео, Першин, Алешандре, Довгань, Дуглас, Диваней, Кайо

«Спортинг»: Миралья, Ромарио, Дави, Кафе, Аугусто, Арун, Пишар, Пупа, Гасми, Шоле, Амду, Тешейра, Мендес, Рониньо

Төрешілер: Марк Биркет (Ұлыбритания), Камил Четин (Түркия)

21 қараша 2014ж. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. Алматы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или