«Никарс» пен «Экономац» тең түсті

Футзалдан УЕФА Кубогы элиталық кезеңінің алғашқы ойынында жеңіліс тапқан латвиялық «Никарс» пен сербиялық «Экономац» екінші турда өзара кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Экономац» ойын басымдығын алғашқы минуттан өз қолына алды. Кездесудің бар болғаны 47-секундында Милош Симич сербиялықтарды алға шығарды. Номиналды алаң иелерінің де көп ұзамай таразы басын теңестіретін мүмкіндігі болған, Максим Сень ұтымды жерден қақпашыны алдап өте алмады. 8-ші минутта «Экономацтың» ойыншысы Милош Стойкович есепті еселеуге жақын қалды, бірақ латвиялық қақпашы Айгарс Бондарс қырағылық танытты. Бұған латвиялықтар Германс Матюшенконың соққысымен жауап қатқан еді, алайда «Экономацты» қақпа бағанасы құтқарды. 16-минутта тоблодағы көрсеткіш өзгерді – Нинослав Алексич есепті 2:0-ге жеткізген. «Никарс» Максим Сеньнің голымен бірден есеп айырмасын қысқартып тастады. Араға бір минут салып «Никарс» таразы басын теңестіретін мүмкіндікке ие болды. Төреші пенальтиге көрсетіп, Сень нүктеге келді, дегенмен Неманья Момшилович өз командасын құтқарып қалды.

Екінші таймды «Никарс» белсенді бастады. Момшилович алдымен Андрес Шустровтың, кейін Игорь Аванасьевтің соққыларын кері қайтарды. Арналду Перейра, Сень де өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. 25-ші минутта есеп өзгерді. Марко Пршичтің пасынан кейін Милош Симич «Экономацтың» үшінші голын соқты. Екі минуттан соң латвиялықтар тағы да есеп айырмасын қысқартты. Көзге түсткен – Оскар Икстен. «Никарс» қалған уақытта бар күшімен есепті теңестіруге тырысты. Симич допты қақпаның маңдайшасына тигізіп, өз командасы ұйымдастырған тамаша ұмтылысты пайдалана алмады. Ал 32-ші минутта сербиялықтардың қақпашысы Момшилович қарыста шабуылға араласып, өрескел қате жіберді. Бос қалған қақпаға тұра ұмтылған номиналды алаң иелерінің шабуылшысын Милош Симич шалып жыққан. Екінші рет сары қағаз алған Симичті төреші алаңнан қуды. Тоғыз секундтан соң ригалық команда Сеньнің голымен есепті 3:3-ке жеткізді. Алайда бұл есеп ұзақ сақталмады – 32-ші минутта Пршич әдемі голдың авторы атанды. «Экономац» алға шықты – 3:4. Сол мезетте-ақ тоблодағы көрсеткіш тағы да ауысты. Арналду Перейра есепті теңестіріп тастады. 34-минутта Стойкович тағы да «Экономацты» алға шығарған, бұл есеп 15 секунд қана ұсталып тұрды. Икстенс өзінде бар мүмкіндікті мүлт жібермеді – 5:5. «Никерс» ойында алғаш рет есептегі басымдықты өз қолына алуға жақын болды. Дегенмен Икстенс ұтымды жерден допты қақпа маңдайшасына тигізді. Көп ұзамай «Никарс» капитаны Арналду Перейра қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Алайда қалған 40 секундта «Экономац» қарсыласының бір ойыншыға аз қалғанын пайдалана алмады.

УЕФА Кубогы. Элиталы кезең. Екінші ойын күні.

«Никарс» (Латвия) – «Экономац» (Сербия) 5:5 (1:2)

Голдар: Сень 17, 32, Икстенс 27, 35, Перейра 33, - Симич 1, 26, Алексич 16, Пршич 33, Стойкович 35

«Никарс»: Бондарс1, Пастарс2, Алексеев3, Перейра6(к), Сень7, Шустров8, Гнутов9, Дьяквинашвили10, Аванесов11, Архипов-Прокофьев12, Матюшенко14, Забаровский17, Икстенс19, Астраханцев20

«Экономац»: Йованович1, Божич2, Алексич4, Рамич5, Матиевич6, Даниэл7, Бойович8(к), Костич9, Стойкович10, Пршич11, Симич12, Степич15, Нене18, Момчилович20

Төрешілер: Томаш Фрак (Польша), Рамиль Намазов (Әзірбайжан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или