УЕФА Кубогы. «Спортинг» жарысты жеңіспен бастады

УЕФА Кубогы. «Спортинг» жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;"> <strong>Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан футзалдан УЕФА Кубогының элиталы кезеңі аясындағы тұсау кесер матчта париждік &laquo;Спортинг&raquo; пен сербиялық &laquo;Экономац&raquo; клубтары кездесті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Спортинг&raquo; алғашқы минуттардан гол соғуға ұмтылып есепті ашпақшы еді. Дегенмен төрт бірдей қорғаушымен шабуылдарға төтеп берген &laquo;Экономац&raquo; 10 минут бойы сауатты ойын өрнегін көрсетіп қауіп бетін қайтарып тұрды. 12-ші минутта француз командасының шабуылшысы Августо Сезар қақпашының пасынан гол соғып есепті ашты &ndash; 1:0. Қорғаныс шебі сыр берген &laquo;Экономац&raquo; жиі қателесе бастады. Соның салдарынан бірінші таймның аяқталуына бір жарым минут қалғанда сербиялықтар екінші допты өткізіп алды қақпасына. 11-ші нөмірлі Баррос Бруно қақпа алдындағы қарбаласта қырағылық танытты.</p> <p style="text-align: justify;"> Екінші таймның 6-шы минутында париждік команданың 10-шы нөмірі Тишейра есепті 3:0-ге жеткізді. Ұйқыдан оянғандай аласұра шабуылға аттанған &laquo;Экономац&raquo; жылдам жауап беруге тырысқан. Алайда... Сербиялықтардың жолы болмады бұл күні. &laquo;Жығылғанға жұдырық&raquo;. Матчтың он алтыншы минутында &laquo;Спортинг&raquo; ойыншысы Августо дубль жасады. Матчтың аяқталуына 2 минут қалғанда сербиялық Марко Пршич бір гол қайтарып есепті қорытындылады &ndash; 1:4!</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или