Михаил Гурман: «Ұлттық құраманың әрбір футболшысы өзінің жауапкершілігін сезіне білуі қажет»

Михаил Гурман: «Ұлттық құраманың әрбір футболшысы өзінің жауапкершілігін сезіне білуі қажет»

Қазақстанның Түркияға қарсы өткен кездесуі туралы Михаил Гурман пікрін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ұлттық құрама үшін барлық жағдайлар жасалған, шет елден мықты бапкер шақыртылды. Красножан – өз ісінің шебері әрі ол өте тәжірбиелі маман. Еліміздің бас командасының Түркияға қарсы матчтағы ойынын көріп, шынымды айтайын, көңілім қалды. Әрине, командамызда бір қимылымымен ойын тағдырын шешетін футболшы жоқ, дегенменде жеңіске жетуге деген құштарлығы болғанда, мүмкін Стамбулдан үш ұпай алып қайтар ма едік. Қазақстан құрамасы бірінші таймда бүкіл жағынан қарсыласына жол берді. Алаңда шапшаң қимылдаған бір ойыншы болмады. Егер футболшы Ұлттық құрама сапында ойын өрнегін көрсететін болса, онда ол 100 пайызға ойынға берілу керек. Оларға бүкіл Қазақстан үміт артып отыр ғой. Әрбір футболшы еліміздің бас құрамасында ойнар алдында, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне білу қажет, сонда ғана нәтиже келеді! Не болса да Ұлттық құрамамыз жалғыз, сондықтан бәріміз сеніп, жанкүйерлік етуіміз керек. Ал нәтиже бірде болмаса, енді бірде келеді. Мен оған сенімдімін», - деп жазыпты Гурман өзінің Твиттердегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или