Футзал

«Қайрат» бас бапкер Какамен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қайрат» бас бапкер Какамен келісімшарт мерзімін ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака алматылық клубтағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

42 жастағы бразилиялық маманмен жаңа келісімшарттың қанша уақытқа жасалатыны жақын күндері белгілі болады.

Кака «Қайраттың» тізгінін 2018 жылдың көктемінде ұстады. Оның жетекшілігімен алматылық команда ел чемпионаты пен Қазақстан кубогын (2018/2019 маусымда) жеңіп алды. Сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасының (2019) финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер