Бокс

Эдди Хирн Головкин – Альварес жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты

Эдди Хирн Головкин – Альварес жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақытын атады, деп жазады Prosports.kz.

«Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек тамыз айында өтеді. «Канело» қыркүйек айында Сондерспен жұдырықтасады. Ал Головкин мен Канело желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл аяғында жағдай қалпына келіп, жанкүйерлер Лас Вегаста бокс тамашалай алады деп сенемін», - деді Хирн.

Айта кетейік, Головкин польшалық Шереметамен жекпе-жекте IBF чемпиондық титулын қорғайды. Ал Альварес супер орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады

Еске сала кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер