Головкин Шереметамен жекпе-жектен бас тартса белбеуінен айырылады

DAZN промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің IBF чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін екені туралы айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
Күзде GGG польшалық Камила Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізуден бас тартып, мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуды шешсе орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылуы мүмкін.
– DAZN Головкиннің қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жек өткізгенін қалайды. Егер бұл жекпе-жек өтетін болса Головкин IBF белбеуінен айырылады. Өйткені IBF чемпиондық белбеуіне қатты қарайды. Дегенмен GGG Шереметаға қарсы жекпе-жекке келісімшартқа отырып, IBF-ке белбеуді қорғайтыны жөнінде электронды хат жіберді, - деді Эдди Хирн.
<h3>Головкин - Альварес трилогиясы 2021 жылға шегерілді</h3> <h3>Аралас жекпе-жек аңызы Тайсонды жекпе-жекке шақырды</h3> <h3>«Көрерменсіз кездесу». Альварес Сондерспен жекпе-жек өткізуге дайын</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или