Әлем футболы

Франция чемпионатының жаңа маусымы қашан басталады?

Франция чемпионатының жаңа маусымы қашан басталады?
news-banner7
mobile-news-top

Франция чемпионатының 2020/2021 жылғы маусымы 22 тамызда басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Франция кәсіпқой футбол лигасы директорлар кеңесінің соңғы отырысындағы хаттамаға сәйкес, елдің Бірінші лигасы (жоғары дивизион) 22 тамызда, Екінші лигасы 23 тамызда басталады.

Франция чемпионатының жаңа маусымындағы матчтардың нақты кестесі УЕФА атқарушы комитетінің отырысынан кейін нақтыланады. Бұл жиналыс 17 маусымға жоспарланған. Сол кезде еурокубок ойындарының өтетін уақыты аталады.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Франция чемпионатының 2019/20 жылғы маусымы тоқтатылып, кейін жалғаспайтын болған еді.

Француз клубтары Катарда турнир ұйымдастырады

УЕФА президенті: Франция чемпионаты басшылығы маусымды бекер ерте аяқтады

Франциялық 1-лига чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтағаны кесірінен қанша шығынға ұшырады

Ресми: «ПСЖ» Франция чемпионы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер