Әлем футболы

Француз клубтары Катарда турнир ұйымдастырады

Француз клубтары Катарда турнир ұйымдастырады
news-banner7
mobile-news-top

Франция чемпионатының бірнеше клубы Катарда жолдастық турнир ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге қатысатын клубтар: ПСЖ, "Лион", "Лилль" және "Сент-Этьен". ПСЖ үшін бұл Чемпиондар лигасына дайындық, ал басқа клубтар үшін келесі маусымға дайындық ретінде өтпек.

Еске салайық, Франция чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. ПСЖ турнир жеңімпазы деп танылды.

Жолдастық турнир Дохада өтуі керек. Алайда, қазіргі уақытта шетелдіктерге елге кіруге рұқсат жоқ. Турнирді шілде айында өткізу жоспарланып отыр. Себебі, сол уақытта шекаралар ашылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер