ӘЧ. 75 келіден жоғары салмақта Татьяна Каширина қарсылас шақ келтірмеді

16 қарашада Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының әйелдер арасындағы 75 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жұлқа көтеруде ресейлік Татьяна Каширина алдына жан салмады. Ол алдымен 152 келімен өз рекордың жаңартса, кейін 155 келілік зілтемірді бағындырды. Шағын күміс жүлдені қытайлық Мэн Супин (140 кг) мойнына тақты. Таиландтық Читчанок Пулсабсакул үздік үштікті түйіндеді.

Серпе көтеру әдісінде және қоссайыс есебі бойынша Каширина тағы да әлемдік рекордтарды жаңартып тастады. Ресейлік ауыр атлет 193 келінк көтеріп, екі жаттығу бойынша 348 келіні алды. Серпе көтеру мен қоссайыста күміс жүлдені Мэн Супин еншіледі. Екінші жаттығуда шағын қола медальды таиландтық Праеонапа Кенджантуек алғанымен, қоссайыс бойынша үздік үштікке оның отандасы Читчанок Пулсабсакул кірді.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты-2014. Алматы (Қазақстан)

Әйелдер. 75 келіден жоғары

1. Татьяна Каширина (Ресей) – 348 (155+193) кг

2. Мэн Супин (Қытай) – 320 (140+180) кг

3. Читчанок Пулсабсакул (Таиланд) – 294 (132+162) кг

4. Праеонапа Кенджантуек (Таиланд) – 285 (122+163) кг

5. Юлия Коновалова (Ресей) – 275 (120+175) кг

6. Шаймаа Хариди (Мысыр) – 261 (116+145) кг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или