Бокс

Назым Қызайбай: Жаттығу жиыны басталатын күнді асыға күтіп жүрміз

Назым Қызайбай: Жаттығу жиыны басталатын күнді асыға күтіп жүрміз
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер боксынан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай карантин уақытының қалай өтіп жатқанын айтты. Әлем чемпионының пікірінше, уақытты мүлде бос өткізуге болмайды.

«Карантин басталғалы бері спорттық формамызды жоғалтпау үшін тынымсыз дайындалдым. Әлі күнге дейін бір тынған емеспін. Жаттығу әлі де жалғасуда. Үй жағдайында жаттығудың аздаған қиындықтары бар. Бірақ карантин кезі де бізге берілген мүмкіндік. Қол қусырып отыруға болмайды. Жаттығу жиындары мен жарысқа қатысатын кездерді асыға күтіп, сағынып жүргенімді жасырмаймын. Себебі, ес білгелі сыртта жүріп үйренген соң, үйде уақыт өткізу біз үшін қалыпты жағдай емес. Өздеріңіз білесіздер, Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды. Осыған орай, іріктеу турнирлері де кешеуілдейді. Аммандағы жарысқа қатыса алмадым. Бапкерлер шешімімен басқа спортшы кетті. Бірақ 51 келіде Олимпиада жолдамасы біздің командаға әлі бұйырған жоқ. Алдағы әлемдік іріктеу сынына барамын деген үмітім бар. Барлығын бапкерлер шешеді. Біздің міндет – жаттығуды тоқтатпау», - дейді Назым.

Айта кетелік, Назым Қызайбай 48 келіде 2014 және 2016 жылғы әлем чемпионы.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер