Live
Спорттағы коронавирус
ММА

Агапова UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді

Агапова UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді

Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшартқа отырған 23 жастағы қазақстандық Мария Агапова 13 маусымда әлемнің ең күшті лигасында дебютті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz MMA Fighting сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы бразилиялық Мелисса Гатто болмақ, ол да Агапова сияқты үздік промоушн аясында алғаш рет октагонға шыққалы тұр.

Агапова аралас жекпе-жекте тек тоғыз жекпе-жек өткізіп, олардың сегізінде жеңіске жетсе, бір рет жеңіліп қалды. Ол соңғы екі жекпе-жекті Invicta FC ұйымы аясында өткізді. Гатто туралы айтатын болсақ, бразилиялық кәсіпқой деңгейде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (төртеуі уақытынан бұрынаяқталды). Алайда 24 жастағы Мелисса осы уақытқа дейін тек бразилиялық промоушндерде ғана төбелескен.

Айта кетейік, Агапова UFC лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық қыз болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0