Футзал

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы франциялық клубқа ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы франциялық клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бұрынғы ойыншысы, бразилиялық шабуылшы Фумаса мансабын Франция чемпионатында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Ол енді 2020/2021 жылғы маусымда «Орши Певель» клубының намысын қорғайды.

Фумаса «Қайрат» сапында 2011 жылдан 2014 жылға дейін үш маусым өнер көрсетті. 2013 жылы алматылық клубпен бірге УЕФА кубогында топ жарды. Тбилисиде өткен «Төрттік финалда» испаниялық «Барселонаға» қарсы ойында хет-трик орындаған болатын. Ал ақтық сында мәскеулік «Динамо» қақпасына бір гол соққан.

«Қайраттан» кеткеннен кейін Фумаса венгриялық «Дьор ЭТО», латвиялық «Никарс», украиналық «Продэксим» (Херсон, Украина) және бразилиялық «Пато Футзал» клубтарында бақ сынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер