Беларусь біріншілігі: Қазақстандық футболшының командасы бір ұпай еншіледі

Беларусь біріншілігі: Қазақстандық футболшының командасы бір ұпай еншіледі

Беларусь чемпионатында 9 турдың матчтары өтіп жатыр. Бобруйск қаласында қазақстандық футболшы Максим Грек өнер көрсететін «Белшина» «Витебскпен» тең түсті - 1:1, - деп хабарлайды Prosports.kz.

63-минутта алаң иелері алға шықты. Сергей Глебко айып добын сәтті орындады. 15 минуттан кейін «Витебскінің» қорғаушысы Хулио Сезар есепті теңестірді. Қазақстандық футболшы қосалқы құрамда қалды. 

9-турдан кейін үш ұпайы ғана бар <span>«Белшина» турнир кестесінің соңғы орынында. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или