«Қайрат» АФК Тайебидің УЕФА кубогында соққан голын еске алды. Видео

«Қайрат» АФК Тайебидің УЕФА кубогында соққан голын еске алды. Видео

Иран құрамасының футзалшысы Хоссейн Тайеби осы маусымның соңында «Қайраттан» кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Осыған байланысты, алматылық клуб инстаграмдағы ресми парақшасында Тайеби соққан үздік голдардың бірін еске алды. Бұл оның УЕФА Кубогының 2017/2018 жылғы элиталық кезеңінде «Дева» қақпасына соққан голы болатын.  



Еске сала кетелік, Хосейн Тайеби «Қайрат» сапында футзалдан ел біріншілігінің үш мәрте (2016/17, 2017/18, 2018/19) және Қазақстан Кубогының (2016, 2017, 2019) үш дүркін жеңімпазы, сонымен қатар ҚР Суперкубогын екі рет (2017, 2019) және Еременко кубогын екі рет (2017, 2018) иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или