«Тараздың» экс-ойыншысы боксшыға айналды

«Тараздың» экс-ойыншысы боксшыға айналды

«Таразда» ойнаған, қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс украиналық жартылай қорғаушы Александр Алиев өзін боксшы ретінде сынап көрмек, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Әлиев «Ұрыс» жобасы аясында актер және модель Никита Вакулюкпен жұдырықтасады. Жекпе-жек регламенті - 2 минуттан үш раунд болмақ. Кездесу 29 мамырда өтеді.

Еске салсақ, Александр Алиев 2016 жылы «Тараз» сапында Қазақстан чемпионатында  9 матч өткізіп, бір гол соққан. Қазақстандық клуб украиналық футболшының кәсіби мансабындағы соңғы команда болды. Содан кейін ол Украинаның екі әуесқой командасы - Киев облысы, Боярка ауылындағы «Катанзаро» және «Интерде» бақ сынады.

Әлиев 2005 жылдан 2010 жылға дейін және 2011 жылдан 2013 жылға дейін Киевтің «Динамо» командасында ойнаған. «Динамо» сапында екі рет Украина чемпионы атанды және бір рет ел кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар Александр ресейлік - «Локомотив» және «Анжиде» де ойнаған. Сондай-ақ ол Украина құрамасы сапында 28 матч өткізіп, 6 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или