Филипп Рудик: «Қазақстан чемпионатында пасспорт ауыстырмасаң алаңға шықпайсың деген сөз»

Белорусиялық жартылай қорғаушы Филипп Рудик Қазақстанда өткізген уақыты жайлы «PROСПОРТ» тілшісіне айтып берді.

Қазіргі таңда футболшы туған қаласы Новополоцкіде. Филипп бір клубтан ұсыныс түскенше сондай боламақшы екен.

Белорусиялық ойыншы «Атырау» сапында өткізген уақыты туралы былай деді: «Мені командаға шақырып пасспорт жасады. Еш алаңсыз өз ісіммен айналысып жүрдім. Күндердің күнінде команда басшылығы былай деп шарт қойды: «Көңілімізден шықтың, біз сені командада көргіміз келеді. Бірақ жалақыңды екі есе қысқартамыз». Юревич жаттығу дмынында мені күніне төрт рет жүгіртетін. Тура әскердегітдей тәртіп орнаған».

Легионерлерге қатысты заңнама мен пасспорты жайлы Филипп Рудик былай деді: «Пасспорт ауыстырмасаң алаңға шықпайсың деген сөз. Себебі лимит заңы бар. Сол себепті мұндай қадамға баруға тура келді».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или