Велоспорт

«Вуэльта» веложарысының кестесіне өзгеріс енгізілді

«Вуэльта» веложарысының кестесіне өзгеріс енгізілді
news-banner7
mobile-news-top

Әйгілі «Вуэльта» веложарысының ұйымдастырушылары жарыс жолына өзгерістер енгізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін жарыстың 15-ші және 16-шы кезеңдердің тоқтатылғаны туралы хабарланған болатын. Аталған дода Португалияның Порту, Матозиньюш пен Визеу қалаларында жоспарланған еді. Алайда, COVID-19 індетінің өршіп кетуіне байланысты Португалияны кесіп өтетін жолды өзгертуге тура келген.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясына байланысты Нидерландыдағы «Вуэльта» кезеңі тоқтатылған болатын. Ал жарыс кестесіне барлық өзгерістер енгізілгеннен кейін қазан айының соңында басталуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер