Теннис

US Open қашан өтуі мүмкін

US Open қашан өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ теннис қауымдастығы (USTA) US Open-2020 турнирін басқа қалаға немесе басқа уақытқа ауыстыру мүмкіндігі туралы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Prosports.kz.

USTA соңғы шешім маусымның ортасынан ертерек қабылданатындығын атап өтті.

«USTA-ның мақсаты - Нью-Йоркте жоспарланған уақытта және жиналған көрермендер көз алдында US Open 2020 өткізу. Алайда, COVID-19 пандемиясындағы белгісіз және тез өзгеретін жағдайға байланысты біз басқа сценарийлерді, соның ішінде турнирді көрерменсіз өткізуді қарастырып жатырмыз.

US Open-тің ауысуы мүмкін екендігі туралы көптеген қауесеттерге қарамастан, біз әртүрлі нұсқаларды қарастырғанымызбен, қазіргі уақытта бұл ең маңызды мәселе емес. US Open жарысына қатысты барлық шешімдерді қабылдауда барлық қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты мәнге ие болады. Шешім 6-8 аптадан кейін қабылданады (маусымның ортасынан ертерек емес)», - деп жазылған US Open ресми сайтында.

Еске салайық, теннистен АҚШ ашық чемпионаты 24 тамыз бен 13 қыркүйек арасында өтуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер