Әлем футболы

АҚШ теннис қауымдастығы US Open турниріне қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ теннис қауымдастығы US Open турниріне қатысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың теннис қауымдастығы (USTA) US Open-2020 жарысын кейінге қалдыру не басқа қалаға ауыстыру туралы мәлімдеме жасады.

Жарыс Нью-Йорк қаласына өтуі қажет еді. Алайда елдегі коронавирусқа байланысты жағдай сағат сайын өзгеруде. Сол себепті турнирді көрерменсіз өткізу, кейінге шегеру және басқа қалаға ауыстыру нұсқалары қаралып жатыр.

USTA бір шешімге маусым айында келетінін мәлімдеді. Жарыс әзірге 24 тамыз бен 13 қыркүйек күндеріне жоспарланып отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер