Велоспорт

Александр Винокуров: Орнымды Луценко басты

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров Olympic.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық көшбасшы шабандоздың бірі Алексей Луценко жайлы ойын айтты.

– Мансабымды аяқтаған соң менің орнымды Алексей басты. Ол өзінің мықты әрі талантты спортшы екенін басында-ақ көрсетті. Айтқанынан қайтпайды, еңбекқор. Бұл қасиеттер бойда болмаса, нәтиже де болмайды. Бүгінде ол Саған секілді Олимпиада чемпиондарымен жүлдеге таласа алатын жоғары деңгейлі спортшыға айналды. Ең бастысы – ол мықтылармен де иық тірестіруге болатынын түсіндік. Луценконың "Милан - Сан-Ремо", "Льеж - Бастонь - Льеж" турнирлерін ұтатын күні алыс емес. «Тур де Франсты» неге ұтпасқа? Мұны айтсам, көпшілігі күлетін шығар. Бірақ аталған додада мені де үштікке енеді деп ешкім ойлаған жоқ. 2003 жылы жарыс алдындағы баспасөз мәслихатында неміс журналисі менің алға қойған мақсатым туралы сұрады. Мен кем дегенде тұғырдан көріну керектігін айтқанымда, мысқылдап күліп жіберді. Тіпті, біздің менеджердің өзі сене қойған жоқ. Ал ең соңында мен үшінші орын алдым.

Егер Ульрих аздап ақылға салғанда, сол жолы Армстронгты жүлдеден қағатын едік. Алексей нағыз толысқан шағында. Әрқашан өз нәтижеңді жақсартуға тырысып, тауда жақсы нәтиже көрсетуге тырысу керек. Оған әзірге қулық жетіспей тұр, бұл тәжірибемен келетін нәрсе. Егер ол қолы жүретінін сезсе, бар күшін салады. Бірақ мен оған өз қателігімді қайталамау туралы үнемі айтып отырамын. Яғни, бір жарыста 50 рет шабуыл жасаудың қажеті жоқ. Бірнеше рет шабуылдау керек, оның қолынан келеді. Қарсыласты бағамдағанда қызуқандылыққа салынбаған жөн.

2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы мәреге жететін кезді еске алайықшы. Ешкім күткен жоқ, бірақ мен күреске дайын болдым. Сараптап қарайтын болсақ, жеңіске жететін мүмкіндік аз еді. Әр елден бес спортшыдан сынға түсті, ал біз Асан Базаев екеуміз ғана бардық. Мәреге бес шақырым қалғанда-ақ Уран екеуміздің алтынға таласатынымыз анықталды. Қуып келе жатқан негізгі топтан алшақтау үшін бар күшіңді саласың, сондағы артық уақытты үнемдеп, бір шақырым үшін жанталасқанда барлығын салқынқанды ойластыру қажет. Сондықтан, бұл Алексейдің де қолынан келеді. Спортшылар таудағы кезеңнің көптігіне байланысты, Токио ойындарын қиын болады деп болжаужа. Ал Луценко тауда жақсы жүреді, - деді Александр Винокуров.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер