Ауыр атлетикадан ӘЧ. Зүлфия Чиншанло – әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Зүлфия Чиншанло – әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы 53 келіге дейін салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық Зүлфия Чиншанло 98 келіні бағындырып, екінші орынды еншіледі. Ал Қытайлық Тайпей өкілі Шу-Чинь Хсу Зүлфиядан бір келі жоғары көтеріп, бірінші орын алған болатын. Ал үшінші сатыға қытайлық Яюнь Ли тұрақтады - 96 келі.

Серпе көтеру жаттығуы бойынша отандасымызға тең келер атлет болмады. Чиншанлоның негізгі қарсыласы тайпейлік Шу-Чинь Хсу 119 келіні ғана еңсеріп, алтын медальға деген үмітін үзді. Алғашқы мүмкіндігінен кейін-ақ әлем чемпионы атағына ие болған Чиншанло екінші ретте 133 келіге тапсырыс берді. Егер мұны бағындырса, Зүлфия өз рекордын жаңартатын (бұған дейінгі рекорд – 132 келі). Чиншанло бұл келіні де еңсеріп, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Дегенмен бұл рекорд ұзақ тұрмады. Санаулы минуттан соң отандасымыз 134 келіге тапсырыс берді. Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауымен атлетіміз бұл салмақты да басынан асыра көтерді.

Осылайша қос жаттығу нәтижесінде 232 келіні бағындырған Зүлфия Чиншанло әлем чемпионы атанды. Одан 14 келіге аз көтерген Шу-Чинь Хсу (99+119=218) күміс жүлдені місе тұтты. Ал қола медаль Яюнь Лиге (96+118=2014) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или