Live
Спорттағы коронавирус

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әйгілі спортшы Илья Ильинмен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әйгілі спортшы Илья Ильинмен кездесті

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді қабылдады.

Өңір басшысы әйгілі спортшының қол жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, әрдайым сырбойылықтардың мақтанышы екенін атап өтті. Қазіргідей карантин жағдайында зілтеміршінің жастарға мол үлгі-өнеге көрсете алатынын жеткізді. Мысал ретінде, онлайн жаттығулар жасап, жастардың спортқа деген ынта-жігерін арттыруға болатынын айтты.

"Сыр елінен өзіңдей спортшылардың шыққанымен қашанда мақтанамыз. Жас спортшылар үшін үлгі тұтар тұлғасыз. Аймаққа сіздің қолдауыңыз қажет. Ізіңізден еріп келе жатқан жастарға шеберлік пен білім-біліктілігіңізді үйретесіз деп сенемін. Қазір коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Қатерлі індетті жеңіп шыққан соң, аймақ дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек", - деді Г.Әбдіқалықова.

И.Ильин облыс әкімінің жылы лебізіне ризашылық білдірді.

«Мен үшін Сыр жерінде дүниеге келіп, білім алып, түлеп ұшқаным зор мақтаныш. Спорттағы мансабымды аяқтауды ойлап жүрмін. Спорт саласында да біршама жетістікке жеттім. Білімімді толықтырып, елге оралдым. Жылы қабылдауыңыз үшін рақмет", - деді даңқты спортшы.

Кездесу соңында аймақ басшысы спортшының жоспарларына сәттілік тіледі.

Еске салайық, И.Ильин ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері және әлемнің 4 дүркін чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0