Велоспорт

«Тур де Франстың» өтетін жаңа мерзімі анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігі тамыз-қыркүйек айына ауыстырылды.

«Франция президенті COVID-19 індетіне байланысты шілде айының ортасына дейін елде ірі жарыстар өткізуге тыйым салды. Халықаралық велосипедшілер одағымен келісімге келген «Тур де Франс» ұйымдастырушылары жарысты жаңа мерзімге ауыстырды. Велокөпкүндік 2020 жылдың 29 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында өтеді», — делінген хабарламада.

Турнир алғашында 27 маусым мен 19 шілдеге жоспарланған болатын. Жарыс бағытында еш өзгеріс жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер