Ауыр атлетика

Жемқор деп айыпталған басшы қызметінен кетті

Жемқор деп айыпталған басшы қызметінен кетті
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті ұйымның президенті Тамаш Аянның отставкасын қабыл алды, деп хабарлайды Prosports.kz iwf.net сайтына сілтеме жасап.

Аян мен IWF ұйымы «сыбайлас жемқорлық мәдениетін» құруға және допингті жасыруға қатысты айыптау осы жылдың қаңтарында жарық көрген ARD неміс телевизиялық компаниясының фильмінде айтылды.

22 қаңтарда Аян IWF басшысы міндетінен босатылды және ұйымда ішкі тергеу басталды.

15 сәуірде IWF атқарушы комитеті Тамаш Аянның жұмыстан кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Урсула Папандрея федерация басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

1975-2000 жылдар аралығында Тамаш Аян IWF бас хатшысы болды. 2000 жылы ол ұйымның басшысы болды.

Фото: Youtube.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер