UFC 249 турниріне кімдер қатыспақ

UFC 249 турниріне кімдер қатыспақ

Аралас жекпе-жек бойынша UFC 249 турниріне қатысушылар тізімі белгілі болды. Аталған турнир бірнеше рет кейінге қалды, енді 9 мамырда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz MMA Fighting сайтына сілтеме жасап.

Басты жекпе-жек қос америкалық Тони Фергюсон мен Джастина Гэтжи арасында болмақ. Еске сала кетелік, Гэтжи ресейлік Хабиб Нурмагомедовты алмастырмақ. Бәске жеңіл салмақтың уақытша белбеуі тігілмек. Тағы бір кездесу Генри Сехудо мен Доминик Круз.

Турнирдің толық карды мынадай:

Тони Фергюсон – Джастин Гэтжи – жеңіл салмақтағы уақытша титул үшін;

Генри Сехудо – Доминик Круз;

Аманда Нуньес – Фелисия Спенсер;

Фрэнсис Нганну – Жаирзиньо Розенстрайк;

Джереми Стивенс – Кэлвин Каттар;

Дональд «Ковбой» Серроне – Энтони Петтис;

Грег Харди – Йорган де Кастро;

Алексей Олейник – Фабрисио Вердум;

Карла Эспарза – Мишель Уотерсон;

Роналдо Соуза – Юрайя Холл;

Висент Луке – Нико Прайс;

Карол Роза – Брайс Митчелл.

Еске сала кетелік, ұйымның жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедов Рамазан айының басталуына байланысты турнирге қатысудан бас тартты. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или