ММА

UFC 249 турнирі мамырда өтуі мүмкін бе

UFC 249 турнирі мамырда өтуі мүмкін бе
news-banner7
mobile-news-top

UFC америкалық промоушны коронавирус пандемиясы кезінде де турнирді ұйымдастырмаққа талаптанып жатыр. Қазір ұйым басшылығы жоғары дәрежелі жекпе-жектер өткізуді ойластырып, UFC 249 турнирін болдыруға тырыспақ, деп хабарлайды Prosports.kz Championat сайтына сілтеме жасап.

MMA Fighting мәліметінше, турнир 9 мамырда өтіп, наурыз айынан бергі алғашқы ірі спорттық оқиғаға айналуға тиіс. UFC турнирдің басқа кардтары бойынша өтпей қалған турнирлерді біріктірмек. Кештің басты оқиғасы америкалық Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжиг арасындағы айқас болады. Хабиб Нурмагомедов Рамазан мерекесіне байланысты шараға қатыса алмайды. Сондай-ақ Энтони Петтис пен Дональд «Ковбой» Серронелер де жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Айта кетелік, Нурмагомедов октагонға тамыз немесе қыркүйекте оралуды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер