Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

«Әртүрлі жобалармен айналысамын». Кака карантинде бос отырмайды

«Әртүрлі жобалармен айналысамын». Кака карантинде бос отырмайды

Футзалдан «Қайрат» АФК және Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Пауло Рикардо Кака карантинде уақытты қалай өткізетіні туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Prosports.kz алматыдық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

 «Біз карантинде үйде отбасымызбен отырмыз. Әйелім мен ұлым 15 күн бойы үйден шықпады, мен анда-санда азық-түлік алу үшін супермаркетке барамын.

«Үйде біз фитнеспен белсенді түрде айналысамыз. Балам қашықтан мектепте оқиды. Мен де бос отырмаймын. Әртүрлі жобалармен айналысамын, футзалдың бейнесабақтарын тамашалап, онлайн семинарларға қатысамын және сергіп алу үшін көптеген ескі ойындарды көремін.

Менің ойымша, мұның бәрі жақын арада аяқталады, және бәрімізге тек шыдамдылық қажет. Құдай осы қиын сәтте өмір сүру үшін бізге шыдамдылық беретініне сенімдімін», - деді Кака.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Спорттағы коронавирус

Спорттағы коронавирус

Спорттағы коронавирус - бүгінгі күнгі ең соңғы жаңалықтар, әлемдегі және Қазақстандағы онлайн-карта

Пікірлер 0