Футзал

«Карантин - ерекше құбылыс». Игитаның бос уақыты жаттығумен өтеді

«Карантин - ерекше құбылыс». Игитаның бос уақыты жаттығумен өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан әлемнің үздік қақпашысы Игита карантинде уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық «Қайраттың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

COVID-19 пандемиясына байланысты, үйде карантинде отырған «Қайрат» қақпашысының іші еш пыспайды. Бұл туралы Игита өзінің сұхбатында айтты.

«Карантин - бұл ерекше құбылыс. Біз үйде отырмыз және бос уақытымыздың барлығын жаттығумен өткіземіз. Біздің көптеген тренажерларымыз мен әртүрлі жаттығу жабдықтарымыз бар.

Менің мақсатым - бұрынғы бабыма оралу. Жарақаттанған кезде ерекше ынтамен және байыпты жұмыс істеймін.

Менің қызым барлық мектеп оқушылары сияқты мектепте қашықтықтан білім алады. Әйелім үйде. Біздің серуендеуіміз тек азық-түлік дүкендеріне бару арқылы ғана шектеледі. Біз, қазақстандықтар жақын арада бұл вирусты жеңіп, елде бәрі өз орнына келеді деп сенемін», - дейді Игита.

Еске сала кетелік, 26 наурызда Игита төртінші рет әлемнің үздік қақпашысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2018 жылдары құрметті марапатқа ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер